Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Атырауда ауа райына байланысты ШҰҒЫЛ ескерту жарияланды!

«Қазгидромет» Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 31 қаңтарда Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында  тұман мен көктайғақ күтілуде.

Осыған орай, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Тұман кезіндегі сақтық шаралары:

— ауа райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
— жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
— жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
— жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;

Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:

— жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз;
— егер аяғыңыз тайып кетсе, тізені бүгу қажет; құлап бара жатқанда домалап, жерге жұмсақ түсуге тырысыңыз; қолыңыздағы затты сақтаймын деп әуре болмаңыз;
— құлап қалсаңыз тез тұруға асықпаңыз, ешқандай жарақаттың жоғына көз жеткізіңіз.
— жарақат алған жағдайда дереу дәрігерге көрініңіз; көктайғақ кезінде жүріп келе жатқан көлікке жақындамаңыз.
— аялдама, баспалдақ, табалдырық адамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз.

Баспалдақпен жүргенде сүйенішті қолданыңыз, тек құм төселген жермен жүріңіз.

Жүргізушілер автокөліктің техникалық жағдайына, әсіресе, тежеуіш жүйесіне, дөңгелектердің жарамдығы мен оның маусымға сәйкестігіне назар аударуы керек. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарда жай жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет.

«Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button