Қазақстанда Абай әндерінен каверлер байқауы жарияланды

unnamed file Жаңалықтар

  Atr.kz / 4 шілде, 2020 жыл. «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап каверлер байқауы жарияланды.

   Байқаудың мақсаты – Ұлы Абайдың әндерін жастарға жаңаша жеткізу.

⠀Абай әндері мәтін мен музыканың, сөздер мен әуеннің ажырамас бірлігімен ерекшеленеді. Оның өлеңдерінің ерекшеліктері музыкалық тілдің түпнұсқасымен бірге көптеген ән шығармалардың туылуына себеп болды. Бұл сол дәуірдің музыкалық өнеріндегі жаңа құбылыс. Қазіргі таңда олар танымал және сұранысқа ие болып отыр, республиканың танымал әншілерінің, музыканттарының, шығармашылық ұжымдарының репертуарына кіреді, жетекші концерттік залдардың сахналарында орындалады.

Әнге қызығушылық танытатын барлық жас өкілдері байқауға қатыса алады. Ол үшін:

1) Абай өлеңіне кавер орындалатын бейнебаян түсіру

2) Бейнебаянды Instagram-ға #Абайәуені175 #Abay175cover хэштегтерін белгілеп жүктеу

3) @birgemiz_asyl_mura @jasulan_qz парақшаларын белгілеуіңіз қажет.

Байқау уақыты 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін.

Жүлде қоры – 100 000 теңге.

Шараны «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ұйымдастырып отыр.

https://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysy-bas-memlekettik-sanitariяlyq-darigerinin-zhana-qaulysy-shyqty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз