
ЖаңалықтарЭкономика
Атырауда өндірілген балыққа әлемде сұраныс жоғары
Бұл туралы өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
«Кәсіпорындар өткен он айда 7 312 тонна балық аулады. Ауланған балықтың 81%-ы (6500 тонна) өңделіп, «Атырауда жасалған» брендімен Ресей Федерациясы, Украина, Әзербайжан және Израиль елдеріне экспортталды. Сұраныс өте жоғары» деді Махамбет Досмұхамбетов.