Исатай-Махамбет алаңындағы кәсіпкерлер Салтанат сарайына көшті

57557 Жаңалықтар

1-қыркүйектен бастап Исатай-Махамбет алаңындағы кәсіпкерлер Салтанат сарайына орын ауыстырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қала әкімінің айтуынша, Исатай-Махамбет алаңы – мәдени шаралар мен демалуға арналған орын. Дегенмен кәсіпкерлердің әртүрлі ойын құралдары қала тұрғындарының серуендеуіне кедергі келтіріп, тағам өнімдерімен белгіленбеген жерде сауда жасауы алаңның ластануына себеп болған.

Ш. Кейкін қала тұрғындарынан шағымдар көбеюіне және алаңның қазіргі жай-күйіне байланысты кәсіпкерлерді Салтанат сарайына ауыстыруға тура келгендігін атап өтті.

– Алаңның халық игілігіне берілгеніне 5 жыл болмай гранит тастары сынып, тас төсемелері ластанған, кәсіпкерлердің ойыншықтары, карусель, гидроскутер және тағы басқаларының салдарынан еркін серуендеп, демалуға кедергілер көп екеніне көзіміз жетті. Осыған байланысты барған топ заңсыз кәсіпкерлікке байланысты балалар ойын құралдары, тәтті тағам өнімдерін сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіптерін Салтанат сарайына ауыстыруға ұсыныс берілді, – деді Ш. Кейкін.

Бүгінде Салтанат сарайы жанынан кәсіпкерлерге орын бөлініп, жарықпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, көлік қозғалыстарына шектеу қойылып, қауіпсіздік жұмыстары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз