Атырауда мемлекетаралық іздеу жарияланған жасөспірім ұсталды

2352839 Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Анықталғандай, 17 жастағы жасөспірім Шымкентте қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеу жарияланған Қызылорда тұрғыны қыс бойы Атырауда жасырынып жүрген. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлады. Оның айтуынша, 17 жастағы жасөспірім өткен жылдың желтоқсанында Шымкентте қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген. Осы оқиғадан соң оған мемлекетаралық іздеу жарияланып, наурыз айында Атырауда ұсталған.

Қашқын қамауға алынды, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өткен жылы атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 88 азаматты (оның 18-і шетелдік) ұстады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз