IMG 20190417 WA0025

Атыраудағы алыс ауыл түлектері туған жерге ерекше сый жасады

Білім Жаңалықтар Рухани жаңғыру

Аtr.kz/24 сәуір, 2019 жыл. Бүгінде еліміздің әр азаматы туған жерге деген өзінің ыстық ықыласын білдіру үшін қолдан келген игі істерін атқаруда. Соның бір жарқын көрінісі, 1964-1974 және 1959-1969 жылғы Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Н.Крупская атындағы мектеп түлектерінің бастамасы.   

IMG 20190417 WA0024

Осыдан бес жыл бұрын 1964-1974 жылдары білім алған Миялы селосының түлектері мектеп бітіргендеріне 40 жыл толу кездесу тойында өз қаражаттарына «Ұрпаққа аманат» саябағын ашты. Сонда ағаш отырғызылып, су бұрқақтары орнатылып, мүгедек жандарға қоларбалар, тіреуіш таяқтар мен аяқ протездері үлестірілді. Ал, биылғы 45 жылдық мерейтойда аудандық мешітте әлеуметтік маңызды тағамдар мен мал етін тарату жоспарда бар.  

IMG 20190417 WA0013

Сондай-ақ, 50 жыл бұрынғы түлектер де осындай бастама көтеруде. Сөйтіп, бес жыл бұрын тұрғызылған ескерткіш жаңартылады, су бұрқағы желісіне су айдау насосы орнатылады, 100 түп тал егіліп, шарбақтар жөнделеді. Міне, осындай игі бастама еліміздің өзге де өңірлеріне үлгі болып, жалғасын  табады деген үміттеміз.

Амантай ДОСАМАНОВ

және 1964-1974, 1959-1969 жылғы Қызылқоға ауданы Н.Крупская атындағы мектеп түлектері.

IMG 20190417 WA0026

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған