Жаңалықтар
Атырауда мектеп ішінде есірткі сатқан адам ұсталды
Atr.kz/2-наурыз, 2019 жыл. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметке қарағанда, ер адам қаладағы мектептердің бірінде жұмыс істеген.
Және есірткіні мектептің жылыту қазандығы ғимаратында сақтаған. Қазіргі таңда әлгі ер адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бап, 2 бөлімі бойынша іс қозғалып жатыр.
Еске сала кетелік, аталған қылмыс «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шара кезінде анықталып отыр. 28 ақпан күні басталған профилактикалық шара 6 наурыз күні аяқталады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметіне қарағанда, бір тәуліктің ішінде екі мыңнан астам пәтер мен үйге тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 8 қылмыс ашылып, 700-ден астам түрлі құқық бұзушылықтар анықталған.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.