Атырауда субұрқақтар іске қосылды

fontan Жаңалықтар

Өңірдегі субұрқақтар іске қосылды. Олар орталық алаң мен Тутұғыр, Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, жастар саябағы, «Ақжайық» қонақ үйі маңында және Балықшы ықшам ауданы «Аққу» дүкені алдында, драма театр және Құрманғазы ескертші алаңында орналасқан. Жақын арада облыстық әкімдік алдындағы субұрқақ та қосылады.

Тиісті жұмыстарды «Самғау-2030» мердігер мекемесі атқаруда.

Аталған мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ауа-райының қолайлылығына байланысты субұрқақтар таңертең 09:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Осы ретте, электр жүйелері қосылған түрлі құрылғылары бар сұбурқақтарға балаларға түсуге болмайтынын қауіпті екенін қатаң түрде ескертеміз. Сонымен қатар, бүгінгі күні субұрқақтарды бүлдіру фактілері де орын алуына орай қала тұрғындары мен қонақтарын, соның ішінде, балаларды қоғамдық және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырамыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз