COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда коронавирустан жазылып шыққандар саны 16 адамға жетті
Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Атырауда Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны инфекциондық стационардан емделіп шықты, деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.
Еске сала кетейік, 31 наурызда науқас әйел «короновирустық инфекция» диагнозымен ауруханаға жатқызылған еді. Емдеу басталғаннан кейін дәрігерлер науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалады. Осыдан бір апта бұрын Қызылқоға ауданының 28 жасар тұрғының жағдайы жақсарды.
— Бүгін, 17 сәуірде пациент инфекциялық стационардан шығарылды, — деп хабарлады жедел штаб.
Айта кетейік, Атырау облысының 16 тұрғыны тұрғыны аталмыш дерттен жазылып шықты.