42 500: Елімізде жәрдемақыға өтінім беру процесі жеңілдетілді

1 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Өтінімді азаматтар телеграм қосымшасындағы бот және egov порталы арқылы тапсыра алады. Енді бұл қызметті алу ​ мүмкіндігі тіптен ​ жеңілдетіліп отыр.​

«Бір уақытта мыңдаған қолданушының осы қызметке жүгінуіне байланысты, бастапқыда базада ақау болды.

Қазіргі таңда уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға мемлекет тарапынан бөлінген жәрдемақыны рәсімдеу қызметі жеңілдетіліп, өтінім беру процесі əр облыстарға бөлінді.

Азамат телеграм бот арқылы да, egov порталы арқылы да өзінің тұрғылықты облысын таңдау арқылы, жеңілдетілген режимде өтінім бере алады» деп нақтылады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында ​ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Забыхан.​

Спикердің айтуынша, бастапқыда мамандар күніне 15 000 мыңға дейін онлайн өтінімдерді қабылдаған. ​

Қазіргі таңда күніге шамамен 8000-10 000 адамнан түскен өтінімдер қаралып жатыр.​

Және де спикер табысы бола тұра 42 500 теңге алғандардың жәрдемақыны қайтаруы тиіс екендігін атап өтті.​

​Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Шұғыл штабының хабарлауынша, қазіргі таңда Атырауда 2000 адамға аталмыш жәрдемақы төленді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз