
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда коронавирустан тағы тоғыз адам жазылып шықты
Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. Өңірде қауіпті індеттен айығып шыққандар саны 994-ке жетті, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жазылып шыққандардың бесеуі Теңіз кенішінің жұмысшысы, екеуі Атырау қаласының тұрғыны, сондай-ақ Жылыой және Құрманғазы аудандарының екі тұрғыны бар. Оларға жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.
— Үш ер адам мен алты әйел инфекциялық стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы, өздерін жақсы сезінеді, — дейді дәрігерлер.
Осылайша, облыста коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 994-ке жетіп отыр.