Атырау абат баққа айналсын десек…

crop undefined 991 1469082848 Жаңалықтар

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Бүгінде Атырау қаласының аумағында 20- дан астам саябақ пен алаң бар. Оның 16-сы – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің иелігінде.

 О с ы а л а ң д а р м е н саябақтарда барлығы 53 мың дана тал-терек өсірілуде. Оларды баптап-күту, зиянкес- терден қорғау жұмыстарын салалық бөлімге қарасты «КДМС» мердігер мекемесі а т қ а р а д ы . С о н д а й – а қ , мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бес жылға жоспарланған жұмыстар қолға алынады. Алаңдардағы 12 мың шаршы метр аумаққа гүл егіліп, жыл сайын 5 200-ге тарта жас шыбық отырғызылады.

Бұдан бөлек, шаһар орталығындағы тозығы жеткен төрт алаң қайта жаңғыртылуда. Нақтырақ айтқанда, С.Мұқашев, Қ.Смағұлов, Құрманғазы м е н Д . Н ұ р п е й і с о в а а т ы н д а ғ ы а л а ң д а р д а қ ұ р ы л ы с ж ұ м ы с т а р ы қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде Вокзал маңы ықшамауданындағы Мұқашев алаңында өткен жылы басталған құрылыс- монтаж жұмыстары карантин аяқталысымен жандана түсті.

С а л а л ы қ б ө л і м мамандарының мәліметінше, тұтастай алғанда мұнайлы астанадағы алаңдарды жаңғырту жобасын жүзеге асыру екі жыл мерзімге есептелген. Сол себепті, жоғарыда аталған Саламат Мұқашев есімін еншілеген алаңға қатысты жоспарланған жұмыстарды мердігер мекеме – «Пиларуз» ЖШС биыл толықтай аяқтайды. Бір- біріне жақын орналасқан орталықтағы Қ.Смағұлов пен Құрманғазы алаңдарындағы межеленген іс-шаралар бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Таяу күндері «Шах20/30» ЖШС-нің мамандары Д.Нұрпейісова атындағы алаңда жаңғырту жұмыстарын бастайды.

Айрықша тоқталып өтер жайт, жаңғырту жоспарына енгізілген бұл нысандардың бәрінде алдымен тозығы ж е т к е н т ө с е м т а с т а р жаңасымен алмастырылып, е р е к ш е д и з а й н м е н өрнектеледі. Тұрғындардың демалып отыруына ыңғайлы орындықтар қойылып, соңғы үлгідегі түнгі жарықтандыру шамдары орнатылады.

Дәулетқали АРУЕВ  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз