Аққыстауда Наурыз мейрамы кеңінен тойланды

e08ee73a fb9c 4a20 b230 260cc0870fe1 Жаңалықтар

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілтккен,табиғатқа жан бітіп, адамға үміт сыйлайтын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсіп, Исатай ауданының  барлық ауылында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Аққыстаулықтар да мерекені биыл лайықты түрде атап өтуге айрықша көңіл бөлді.

Мейрамға орай мәдени-көпшіоік шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, И.Тайманұлы ескерткіші алаңында, Теміржол вокзалы маңында және Аудандық аурухана алаңында, «Жалын» мәдениет үйі алдында, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мекемесі алдында,сонымен қатар Орталық стадион алаңы мен Өркен ауылының 60 үйлік жанында және Абай атындағы орта мектеп алдында киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылып, аудан өнерпаздары және спортшылар даөнер көрсетті.

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов киіз үйлерді аралап жиылған қауымды мейраммен құттықтап, ақжарма тілегін тіледі.

–Ардақты ағайын! Құрметті жерлестер!

Сіздерді Күн мен Түннің теңеліп, табиғаттың қайта түлеп, адам баласына ерекше серпіліс беріп, рухани тазаруына жол бастайтын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Ағайынды бір-бірімен қауыштырып, ұлт пен ұлысты біріктірген, жаңару мен жасампаздықтың мерекесі ретінде тойланып келе жатырған осынау күн халқымызға ерекше қуаныш пен рухани байлық сыйлап келеді. Биылғы Наурыз мерекесі де елімізге жағымды жаңалықтарымен, жаңа өзгерістерімен келетініне сенемін.

Еліміздің мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі әр отбасына қуаныш пен шаттық, бақыт пен Молшылық алып келсін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын,-деді ол.

Жұртшылық наурыз көжеден дәм татып,ып-ыстық бауырсақтан ауыз тиіп,ән мен биге куә боп ерекше мерекелік көңіл-күйде тарқасты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз