
Жаңалықтар
Атырауда көпбалалы ана грант ұтып алды
Жылыой ауданының тұрғыны, көп балалы ана Достанова Баян 2022 жылы кәсіп бастауға арналған мемлекеттік грантқа ие болды.
Баян қайтарымсыз қаржыға тігіп-пішуге арналған бірқатар техникалар сатып алып, тігін шеберханасын ашты.
Қазіргі таңда, грант иегері өзін жұмыспен қамтып қана қоймай, қыз-келіншектерге перде және киім тігуді үйретіп отыр. Ол бүгінге дейін 20-ға жуық нәзікжандыға іс тігіп, киім пішуді үйреткен.
Айта кетейік, былтыр 31 көп балалы ана мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, өз кәсіптерін бастаған болатын.