Атырау автобустары күн сайын залалсыздандырылуда (+ВИДЕО)

12987 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл.  Бүкіл әлемде, соның ішінде біздің елімізде адамның денсаулығына кеселін тигізіп, өміріне қауіп төндіретін коронавирус дертінің таралуымен байланысты, республикамызда бір ай мерзімге төтенше жағдай жарияланғаны белгілі.

https://youtu.be/bbBQE_HyGFg

Осыған орай, орталықтан бастап барлық өңірлерде адамдарды қатерлі аурудан сақтандыру және алдын-алу  бағытында шұғыл шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жөнінен бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлымыз. Соның нақты бір көрінісін күнделікті қалаішілік жолаушы тасымалымен айналысатын автобустардан, яғни, қоғамдық көліктерден де аңғардық.

Мемлекет басшысының халыққа Үндеуі мен Төтенше жағдай туралы Жарлығы жарияланысымен алғашқы болып қолға алынған шаралардың бірі де осы екенін айтуымыз керек. Бұған жауапты мекеме басшылары мен тасымалдаушы кәсіпорындар өкілдерінің түсіндіруінше, залалсыздандыру немесе дезинфекциялау жұмыстары  күн сайын жүйелі түрде арнайы мекеме мамандарының қатысуымен және қоғамдық көлік қызметкерлерінің күшімен жүргізіліп отырады.

Зейнеткер болғандықтан, шаруам түсіп, анда-санда  «Балықшы-Авангард» және «Теміржол вокзалы-Балықшы» бағытындағы №12 және №2  маршруттарына мінемін. Байқағаным, таңертеңгі бірінші рейстен бастап кеште тоқтағанға дейін автобустарда дезинфекциялау жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіледі екен.

Күні бойы жүздеген адамды межелі жеріне жеткізетін қоғамдық көліктерде тазалықтың талапқа сай сақталуы өз кезегінде жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнбеуіне кепілдік беретініне көзім жетті. Осындай тәртіп пен талап халыққа қызмет көрсететін құрылымдардың бәрінде сақталып отырса, жаһанды жайлаған  кеселді де айналып өтерімізге сенімдімін. Өйткені, сайлы да көлік қашан да жолаушыға жайлы әрі қауіпсіз емес пе?

Бәтима ШАПАҒАТҚЫЗЫ

Атырау қаласы

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-aurudy%d2%a3-aldyn-alu-%d2%afshin-ne-isteu-kerek/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз