
Жаңалықтар
Атырауда кезекті бос орындар жәрмеңкесі өткізілді
Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл. Атырау облыстық Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Бос лауазымдар жәрмеңкесі» өтті, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шараға облыс орталығының 100-ден астам уақытша жұмыссыз
тұрғыны қатысты. Оларға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі мен
тестілеуден өту қағидалары түсіндірілді.
Сондай-ақ, консультативтік кеңестер берілді.
— Бос лауазымдар жәрмеңкесі жыл басынан бері осымен 5-ші рет өтіп жатыр. Мұндай шаралар азаматтарға, оның ішінде жастарға құқық қорғау органдарының бос лауазымдары туралы ақпараттандыру жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылуда, — деді Полиция департаменті мамандары.


