Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда карантинге қарамастан жұмыс жасап тұрған букмекерлік кеңсеге полицейлер кіріп келді

Atr.kz/13 мамыр, 2020 жыл. Атырау облыстық полиция департаменті бұл операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментімен бірлесе жүргізді.

Букмекерлік кеңсе Атырау қаласының қақ ортасында карантин режиміне көнбестен қызмет көрсетіп отырған.

«Нәтижесінде, карантин режимін бұзған кеңсенің қос қызметкері мен жеті келуші ұсталды. Бәрі де ҚР-ның Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік жазаға тартылды» делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button