КАРАНТИН: облыс тұрғындарына Атырауға жұмысқа келуге рұқсат берілді

photo 2020 04 03 14 53 46 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/12 мамыр, 2020 жыл. Аудан тұрғындары  Атырауға жұмысқа келе алады.

Аймақ тұрғындарына Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабтың рұқсат қағазымен қалаға жұмысқа келуіне рұқсат етілді.

«Ол үшін жұмыс беруші қызметкерінің  атын-жөнін, ЖСН нөмірін, сонымен қатар Атырау қаласындағы тұрақты жұмысы мен тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды    штабтың электронды поштасына жіберуі  тиіс» делінген Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабтың хабарламасында.

Штабтың электрондық мекен-жайы: atyraushtab06@atyrau.gov.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз