БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

«Маскалар тегін таратылуы тиіс!» (+ВИДЕО)

Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқанын хабарлады «ҚазАқпарат».

«Әлі күнге дейін бізде жеткілікті көлемде бетперде жоқ екендігін айтқым келеді. Дегенмен, қағаз жүзінде бәрі де жеткілікті сияқты, сіздер маған солай баяндадыңыздар. Екінші жағынан алып қарағанда, адамдар дәріханаларда әлі күнге дейін осынау бетперделердің тапшы екендігіне шағымдану үстінде. Неліктен? Меніңше, бұл алыпсатарлық. Үкімет белсенді шаралар қабылдап жатқанымен біз қалаларымыздың негізгі көшелерінде мұндай бетперделерді азаматтарымызға тегін тарататындай жағдай жасаумыз керек. Бұл Үкімет алдында тұрған жедел әрі шұғыл шара саналады»,- деді Мемлекет басшысы.

Амандық АБДОЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/әlemdik-baқ-koronavirustan-қashқan-halyқ-қytajғa-bet-aldy/

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button