Атыраулықтар әлем чемпионын күтіп алды

img 20191121 wa0014 Жаңалықтар

Atr.kz/21 қараша, 2019 жыл. Бүгін Атырау вокзалында кезекті рет спортшыларды салтанатты түрде күтіп алу шарасы өтті. Бұл жолы панкратион шеберлері жеңістерімен қуантты.

15-18 қараша күндері Италияның Рим қаласында панкратионнан ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Онда қос жерлесіміз, 71 келі салмақта Әділбек Қайырғали алтын, ал 60 келі салмақта Алпамыс Адиатов күміс жүлдеге ие болды.

Спортшыларды басқарма мамандары мен әріптестері күтіп алып, дәстүр бойынша шапан жапты. Бұл жыл басынан бері жерлестеріміздің әлемдік додада еншілеген 31-ші медальі.

Айта кету керек, панкратион шеберлері жылма-жыл жеңістерімен қуантуда. Былтыр Ресей астанасы Мәскеуде өткен әлемдік додада Абылай Төлеш жеңімпаз атанған болатын.

Atr-Ақпарат

img 20191121 wa0015
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз