Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Атырауда карантин талабын бұзған мекемелерден түсініктеме алынды

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин шараларын бақылау мақсатында 23-25 шілде аралығында арнайы мониторинг топ тексеріс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соның ішінде, «Вивальди» караоке-бары, «Енді не істейміз», «Урбан»және «Лифт» ресто бары, «Бека» кафесі, «Қибрат» асханасы, «Underground», «Легион» ойын орталықтары, «Әсел», «Пинта», «Шах Сарайы», «Маржан», «Нұрай», «Георгия», «Альфия», «Қымызхана», «Асыл-Ана»,, «Кастл», «Блэк кристал» «Премьер Палас», «Зирек», «Гульфара», «Фортуна», «Ханшайым», «Керуен» және екі күн қатарынан «Рыба моей мечты» мейрамханалары карантин талабын сақтамай, жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Сондай-ақ, Геолог елді мекені Аккулова 2-де орналасқан «Сүйінші» кафесінің қызметкерлері бетпердесіз жұмыс жасаған. Барлығы 31 мекемеден түсініктеме алынып, акт толтырылды. Қалалық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау департаментіне барлық материалдар жолданып, аталған мекемелерге айыппұл салынады.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстар әр күн сайын жалғасатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button