Атыраулық мейрамханалар жиын-той өткізуді қояр емес… (+ВИДЕО)

screenshot 20210223 215504 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарды анықтады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

20 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Азаттық көшесінде орналасқан «Jida” мейрамханасында тескеріс кезінде 60 жуық адамның қатысуымен отбасылық жиын-той өткізіліп жатқандығы анықталды.
Ал, 21 ақпан күні сағат 00:30 шамасында, Ш.Уалиханов көшесінде орналасқан «Barrel” караоке клубы жұмыс жасап, карантин талаптарын бұзғаны үшін анықталды. Караоке ішінде шамамен 20 жуық адам болған.
Одан басқа, сол күні сағат 02:30 шамасында Азаттық көшесінда орналасқан «Vivaldi” пабы жұмыс жасап тұрғандығы анықталды. Пабтың ішінде шамамен 80-ге жуық адам болған. Айта кететіні, бұл паб бұған дейін де карантин талаптарын бұзғаны үшін анықталған болатын.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.
Айта кетейік, Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 10 ақпандағы №3 қаулысына сәйкес, қоғамдық тамақтану объектiлерiне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейiн жұмыс жұмыс жасауға рұқсат етілсе, көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және түнгі клубтардың, караоке, компьютерлiк ойын клубтарының қызметіне тыйым салынған болатын.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз