АТЫРАУДА КАРАНТИН ҚАТАҢДАТЫЛА МА?

img 20220110 wa0173 Жаңалықтар

Атырау «қызыл» аймаққа енгенімен қаулыға сәйкес ахуал үш тәулік бойына тұрақтаған жағдайда ғана арнайы карантиндік шектеулер енгізледі.

Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлдана Бисенбай  мәлім етті. Баспасөз мәслихатында өңірде аурушаңдық деңгейінің күрт өсуіне байланысты  қосымша инфекциалық төсек орындар ашылатыны туралы айтылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, бүгінде 580 төсектік инфекциялық стационарда 285 науқас емделуде.

Атап айтарлығы, карантин қатаңдатылған жағдайда да екпе салу жұмыстары жалғасады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз