Атырауда карантин мерзімі ұзартыла ма?

2020 04 14 115115981500 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы сен қауіпсіздігін бақылау департаменті әлеуметтік желіде тараған «17 тамызда карантиндік шектеу шаралары алынып, 30 тамызда қайтадан карантинге жабылады» деген ақпараттың жалған екенін хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 тамыздағы нөмірі 60 қаулысына сәйкес, Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер арасында тіркелуін ескере отырып Атырау облысы аумағында 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін уақытша шектеу шаралары ұзартылған болатын.

Сондай-ақ облыстың Бас санитарлық дәрігері алдағы уақытта шектеу немесе жеңілдету шараларын өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды және коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың санын ескере отырып қабылдайтынын хабарлайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз