ӘН – КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ

Жаңалықтар

 Әрбір мәдениет үйінен іріктелінген әншілер дуэт, трио, квартет, квинтет болып өнер көрсетті. Ал, байқаудың қазылар алқасы танымал музыканттар мен беделді ұстаздардан құралды.  Айта кету керек, өткен жылғы үздік мәдени қызметі бойынша ерекшеленген Махамбет ауданының өнер ұжымы бұл байқауға да айрықша дайындықпен келіпті. 

Байқау ұйымдастырушысы, облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының орынбасары Абат Кенжеғалиевтың айтуынша, бұл мәдениет ошақтарындағы вокалды топпен жұмыстың жанданбай тұрғандығын көрсетеді. «Қазіргі таңда елімізде талантын халық мойындаған, алыс-жақын шет елдердегі дүбірлі додалардан жүлдемен оралып жүрген кәсіби әншілер қатары біраз. Негізінен күміс көмей әнші атанып, «хит» әндерімен көпке танылатыны –  оңтүстік, шығыс облыстарының әншілері. Бұл сол аймақтағы вокалдық топтардың жұмысының нәтижесін көрсетеді. Ал, олардың қатарында атыраулық әншілер есімдерінің саусақпен санарлық болуы – «батыс өңірінде әнші жоқ» дегенді емес, насихаттың кемшін екендігін білдіреді», – дейді ол.

Қатысушылар күні бойына халықтық, жергілікті және шетелдік сазгерлердің әндерін нақышына келтіріп орындады. Мамандардың іріктеуі бойынша Атырау қаласынан  қатысқан  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Кварто» квартеті байқаудың Гран-при иегері атанды. Жүлделі I орынды Исатай ауданы квартеті қанжығасына байлады. Мақат ауданынан қатысқан дуэт пен құрманғазылық квинтет II орыннан көрінді. «Жылыойдың дуэті» мен  Махамбет ауданының «Триосы» III орынға лайық деп танылды.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған