Көктемгі су тасқынынан сақтануға шақырды (+ВИДЕО)

164336622 138345361546140 4866810355793101801 o Жаңалықтар

Құтқару қызметінің өкілдері көктемде су айдындары қауіпті екенін еске салды.

Мұз үстіне шығуға тыйым салынады, өйткені ол жарылады, ериді. Көктемде өзен, көлдерден өтуге болмайды, көктемгі су тасқыны мен мұз жүру кезінде сақ болған жөн. Жұқа мұз-адам өміріне үлкен қауіп әкеледі. Атырау облысында күннің күрт жылынуына орай, су айдындарындағы мұздың қалыңдығы жұқарған.

Осыған орай, наурыз айының 17-23 аралығында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «Амангелді» ЖШС-нің «Ерниязов» қайығымен Жайық өзеніндегі мұзды жару жұмыстары басталып, жалғасуда. Мұз жару жұмыстары Дамбы ауылынан Геолог елді-мекені аралығында жүргізілді.

Атырау қаласы және барлық аудандарда мұз үстімен жүру қауіптілігі жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Сонымен қатар, белгіленген қауіпті жерлермен мұз үстімен жүруді алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы«

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз