Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматы табылды

2 маусым күні Атырау қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 28 қаңтардан бері іздеуде жүрген 1999 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

«24 жастағы шетелдіктің туыстары хабарсыз кетуіне байланысты Қоңырат аудандық полиция бөлімшесіне арыз тастап, осылайша із-түссіз жоғалғандар қатарында болған. Аталған азамат жұмысқа орналасу үшін мамандандырылған халыққа кызмет көрсету орталығына барып, рұқсат қағаз алуға құжат тапсырған. Осылайша, Көші-қон кызметі бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, Өзбекстан Республикасы азаматының іздеуде тұрғанын анықтаған», — деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының азаматы Криминалдық полиция басқармасының іздестіру бөліміне тапсырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button