Атырауда бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев облыстық мәслихат хатшысы болып сайланды

188303924e877e2b499eb394332e3905 Жаңалықтар

«Жаңа сайланған облыстық мәслихат депутаттарына мандаттар тапсырылды. Іс-шараға аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


VІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихатының І сессиясында «Облыстық мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары жөнінде» облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы жарияланды.


Жалпы 231882 дауыс беруші қатысса, оның 78,71 пайызы Нұр Отан партиясына берілген.


Саяси партиялар үшін «Nur Otan» партиясына – 25, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 3, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 3 депутаттық мандаттар берілді.


Сонымен қатар, VІІ шақырылымда жергілікті мәслихат депутаттарының саны 134-тен 141-ге өскені айтылды. Нақтырақ айтсақ, облыстық Мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге, ал, Атырау қалалық Мәслихаты депутаттары 19-дан 24-ке, Жылыой аудандық Мәслихатының депутаттары болса, 15-ке артқан.

img 20210115 wa0319


«Алдарыңызда сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Халықты толғандыратын мәселелерді шешудің жүйелі жоспарын жасап, тиімді жолдарын табу қажет. Өзекті мәселелерді шешіп, ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын»,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ, VI шақырылым депутаттарына өңірдің әлеуметтік дамуына  қосқан үлесі үшін Атырау облысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз