СПОРТ АЛАҢЫНДА – АҚ ХАЛАТТЫЛАР

«Мұнайшы» спорт кешенінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы және облыстық кардиологиялық орталық дәрігерлері арасында минифутбол мен волейболдан сайыс өтті.

 

Денсаулық сақтау мекемелері кәсіподақ ұйымдарының ұйтқысымен болған жарыстың мақсаты – жұртшылықты салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеу, спорттың бұқаралық сипат алуын насихаттау. Былайғы күндері өмір мен өлім арасындағы қиналған жандарды ажал тырнағынан құтқаруға септесетін абзал жандар бір сәт ақ халаттарын спорттық жейдемен алмастырды. Алаңда жақсы ойын өрнегін көрсеткен оташы Бауыржан Ахметқалиев, нейрохирург Сәулебай Байжанов, реаниматолог Жанкелді Қадыров сынды дәрігерлер жанкүйерлер мен өзге әріптестерінің қошаметіне бөленді.

Қызықты, әрі тартысты өткен бәсекелерде футболдан облыстық аурухананың  жігіттері үздік атанса, волейболдан облыстық балалар ауруханасы командасының мерейі үстем болды. Ауруханалардың бас дәрігерлері жарысқа қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, игі тілектерін жолдады.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз