Атырауда еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде
Атырау қаласында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша 9 мың 900 метр куб су сорылған. Бұл туралы «Арнаулы Автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Кеше сағат 12.30-дан бастап, қала көшелері бойындағы еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен қала сыртына шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техникалар арқылы су сору жұмыстары күні-түні жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта Азаттық, Чайковский, Гагарин, Жамбыл, С.Датов, Б.Қаленов көшелеріндегі су сорылды. Дегенмен, алдағы уақытта еріген қар суының қайтадан жиналуына байланысты тазаланған көшелер қайталап тазалануы да мүмкін, — деді А.Ізтілеуов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау қаласынан жалпы 83 730 текше метр қар шығарылып, 580 реагент себілген. Жалпы 25 вакуум жұмыс жасауда.