Жарнама
Жаңалықтар

Өңірде жұмысшы мамандық иелеріне арналған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен биылғы «Жұмысшы мамандықтар» жылын қолдау мақсатында Отбасы банк 72 млрд. теңге қаражат бөліп, екі жарым мың адамды баспанамен қамтамасыз етуге жағдай жасамақ. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұржан Мұғалімов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

img 1035 1

-«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы – жұмысшы мамандық иелеріне тұрғын үй алуға үлкен мүмкіндік. Біз еңбек адамдары үшін несиенің шарттарын барынша жеңілдеттік. Бағдарлама аясында жылдық мөлшерлеме әлеуметтік осал топтар үшін 7%, ал қалған санаттағы азаматтар үшін 9% болады. Бастапқы жарна тұрғын үй түріне байланысты 10%-дан немесе 20%-дан басталады. Өңірлердегі тұрғындар 30 млн. теңгеге дейін, ал Астана мен Алматы қалаларында 36 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Сонымен қатар бағдарламаға қатысу үшін үміткер Отбасы банкінде депозит ашып, онда кемінде 2 млн. теңге жинауы керек. Сондай-ақ соңғы бес жылда өз атына тіркелген баспанасы болмауы шарт. Оған қоса соңғы алты айда ресми табыс тауып, кемінде үш ай зейнетақы аударымдары жасалған болуы қажет, — деді Н.Мұғалімов.

Бағдарлама өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация салаларында жұмыс істейтін мамандарға арналған.

-Біз осы бастама арқылы мыңдаған адамға баспаналы болуға көмектесуді мақсат етіп отырмыз. Оның ішінде Атырау өңірінде 500-ге жуық азамат тұрғын үйлі болады деп күтілуде. Бағдарлама конкурссыз жүзеге асады, яғни, алғашқы болып өтініш берген және төлем қабілеттілігін растаған азаматтар жеңілдетілген несие алу мүмкіндігіне ие болады, — деді Н.Мұғалімов.

Айта кетейік, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өтініштерді қабылдау 17 наурыздан басталады.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button