Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда дабыл сиренасы қосылады

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәлім етуінше, қалада дабыл сиренасы қосылады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі. 

Дабыл сиренасы 8, 9 ақпан күндері  Атырау облысында «Көктем-2024» республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу іс-шараларының өткізілуіне байланысты қосылмақ. Оның аясында азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланып отыр. 

«Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 8 ақпан күні  сағат 09:00-11:00 шамасында (түскі уақытқа дейін) ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты, Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан сирена кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button