Атырауда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

rp Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облысымыздың бір топ өнер адамы «Мәдениет саласының үздігі», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, республикалық «Махамбет» атындағы сыйлықпен, Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Осынау салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова:

Мемлекеттің абыройлы болуы – ондағы халық жанының ізгі болуында. Сол ізгілікті жасайтын қасиетті өнер. Адамзаттың рухы, терең тарихы, ділі мен діні, тілі мен мақсат-мұраты о бастан мәдениетпен біте қайнасқан. Қоғамда орны бөлек өнер адамдарын қарапайым бұқараның төбесіне көтеретіні де осы себептен. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттап, халыққа эстетикалық ләззат сыйлайтын өнер майталмандары – сіздер аман болыңыздар! – деп, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың құттықтауы мен ізгі тілегін жеткізді.

madeniet


Өз кезегінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев сөз алып, кәсіби мерекеде тамаша көңіл күй сыйлаған облыс басшылығына атыраулық барша өнер адамы атынан алғыс айтты.
Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз