COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда COVID-19 жұқтырған тағы 10 адам анықталды
Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған он адам анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал тоғыз науқас — Теңіз кенішінің жұмысшылары.
Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.
Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда 54 адам емделіп жатыр. Оның 28-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 26 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.
«Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі»