«Дін және қоғам» пәні енгізіледі

Ағымдағы ақпараттар3 Жаңалықтар

Дін сабағы енді мектептерде 8-сыныптан оқытыла бастайды.  kazislam.kz сайтына сұхбат берген Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуовтың хабарлауынша, жаңадан енгізіліп отырған «Дін және қоғам» пәнінің ерекшеліктері өте көп.

Ағымдағы ақпараттар3

«Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен білім министрлігі осы бірлескен жүйедегі оқу бағдарламасына жаңадан оқулықтар жазу туралы келісімге келді. Жоспар бойынша, пән енді бұрынғыдай 9-сыныптарда емес, 8-сыныптарда оқытыла бастайды. Қазіргі таңда жауапты мамандар бағдарламаны бекітіп, оқулықты әзірлеп жатыр» деп хабарлады ол.

Айта кетелік, жоғары оқу орындары мен мектептерде дін мәселелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу жайы Қазақстанның осы сала бойынша қабылданған мемлекеттік саясат тұжырымдамасында қарастырылған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз