Атырауда «Дина» базары өртеніп жатыр

IMG 20190830 WA0079 Жаңалықтар

Atr.kz/30 тамыз, 2019 жыл Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан алдын ала мәлімет бойынша, өрт базардың құрылыс материалдары бөлімінде жергілікті уақытпен сағат 17.48 де басталған.

Алты бірдей дүңгіршекті жайлаған қызыл жалынның аумағы шамамен 400 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта өртпен күреске Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 6 техникасы, «Дина» базарының 3 жұмысшысы мен 2 техника, Атырау мұнай өңдеу зауытының 3 жұмысшысы мен 1 техникасы, «Қарабатан» ЖШС 4 қызметкері мен 1 техникасы, АТМА әуежай мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті полиция департаментінің 12 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылуда. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.

IMG 20190830 WA0074
IMG 20190830 WA0076
IMG 20190830 WA0077
IMG 20190830 WA0078
IMG 20190830 WA0080
IMG 20190830 WA0081
IMG 20190830 WA0083
IMG 20190830 WA0084

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Фото: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз – қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз