Атырауда бір апта бойы ыстық су болмайды
13-20 қыркүйек аралығында қаланың барлық орталық жылу тарату бекеттерінде ыстық су беру тоқтатылады. Бұл «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ынан келетін бас жылыту тарату орталықтарынан тарайтын магистралды құбырлардың ажыратылуымен байланысты.
«Атырау жылу жүйелері» АҚ бірінші тете-президенті Әлібек Темірғалиевтің айтуынша, қысқа дайындық кезеңіне байланысты межеленген күрделі жөндеу жұмыстарының қолға алынуымен байланысты болып отыр. Кәсіпорын түсіндіруінше, бекітілген жоспар-кесте бойынша, осы шараларды жүзеге асыру жылдың осы мезгіліне сәйкес келіп тұр.
–Жөндеуді бұдан бір апта бұрын бастап кетуді ойластырғанбыз. Алайда, дәл сол мезгілде қалада табиғи газ тоқтатылған болатын. Ал, құбыр бойымен келетін ыстық су мен «көгілдір отынды» бір мезгілде тиып тастауға болмайтыны белгілі. Сондықтан бір аптаға кешіктіріп бастап отырмыз. Бәрі ойдағыдай болып жатса, 20-сында жұмысты бітіріп, жөндеуден өткен магистралды желіні 2-3 күн сынақтан өткізіп, кезең-кезеңімен тұтынушыларға ыстық суды бертін боламыз. Сөйтіп, 24-ші қыркүйекте ыстық суды толықтай қосамыз. Сонда бас-аяғы он шақты күнге дейін созылып кетуі ықтимал. Және де бұл әр жыл сайын осы уақытта атқарылып жүрген шаруа. Осыны тұрғындардың қаперіне бере отырып, түсіністік танытуын сұраймыз, — дейді Әлібек Темірғалиев.
Д.Аруев.