ҚИНАЛҒАНҒА ҚОЛ ҰШЫМЫЗДЫ БЕРЕЙІК!

Атырау  облысының  кәсіпкерлері  мен жұмыс  берушілер  одағының ҮНДЕУІ

Құрметті мекеме, компания басшылары, шағын, орта және ірі бизнес жетекшілері!

Біз толассыз жауынның кесірінен өмірде қиын жағдайға қалған жерлестеріңізге көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Төтенше жағдайдың зардабын шеккен, баспанасы тұруға жарамсыз үйдің тұрғындары уақытша қала мектептеріне көшірілді. Балаларға, жас нәрестелерге, зейнеткерлерге мұндай жағдайда өмір сүру өте қиын. Ал, олардың өз қоныстарына оралуы әзірге мүмкін болмай тұр.

Осы жағдайда бизнестің көмегі өте қажет: әрбір отбасына бір айға уақытша баспана жалдауына көмектесуіңіз, сонымен қатар азық-түлік, қажетті заттармен қамтуларыңыз сұралады.

Қайырымдылық шара ұйымдастырып, бір күндік жалақымызды аударып, өзге де үлесімізді қоссақ қана біз бұл қиындықтан шыға аламыз.

Барлық мәселе бойынша мына телефондарға: 35-58-65, 32-85-07, 8778 6808212, 8778 6486899, 8701 6791665 хабарласуға болады.

 

Атырау облысының

кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз