Атырауда көктайғақ салдарынан жолдан автокөлік аударылды

dp dtp 17.02. 1 750x375 1 Жаңалықтар

Бүгін сағат 00:05 шамасында 22 жастағы жүргізуші Әбілхайырхан даңғылы тұсында маркасы Volkswagen Polo көлік құралымен келе жатқанда, метерологиялық жағдайды ескермеу салдарынан басқару жүйесін игере алмай жолдан тайып аударылған.

«Аталған факті бойынша жарақат алған адам жоқ. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз