Атырау университетінде жаңа телестудия ашылды (+ФОТО)

img 20220210 wa0037 Жаңалықтар

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде медиаорталық жанынан жаңа заманауи телестудия ашылды. Бір ерекшелігі, мұнда журналистикадан басқа да мамандықты меңгеріп жатқан кез келген студент шығармашылық мүмкіндігін сынап, тәжірибе жинақтай алады.

Бұл – аталған оқу орнында білім алып жатқан шәкірттер үшін зор қуаныш. Айта кетейік, 2005 жоғары білім беру кеңістігінде және әлеуметтік желіде университет имиджін қалыптастыру мен ондағы жаңалықтармен бөлісу үшін медиастудия ашылған болатын. Енді ол сандық технологиямен жабдықталған телестудиямен толығып отыр.

img 20220210 wa0039
img 20220210 wa0020 1
img 20220210 wa0025

Алғашқы сөз кезегін алған университеттің басқарма төрағасы, ректор Саламат Идрисов телестудияның болашақ журналистерді дайындауда көп көмегі тиетінін айтып өтті.

Осы орайда, студияның сандық технологиямен жабдықталуына ректордың өзі тікелей мұрындық болғанын атап өту керек.

Осыдан кейін осындағы медиаорталықтың алғашқы директоры болған, профессор, ардагер ұстаз Айсұлу Садықова тұсаукесу лентасын қиды.

Өз кезегінде «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің бас директоры Ысқақ Егембердиев аталған серіктестік пен университет арасындағы тығыз байланысты айрықша атап өтті.  

– Жақында біздің медиахолдингте журналистика мектебі ашылды. Ал, университетте Т.Амандосов атындағы аудитория бар. Өзім 3-сыныпта қолға қалам ала бастаған соң, «Ұлан» газетін серік еттім. Сол кезде балалар жазушысы марқұм Сұлтан Қалиұлының «Бір жоғары оқу орнының қабырғасында кішігірім телестудия болу керек» деген сөзі бар еді. Ендеше, бұл студия да соның айғағы деп білемін. Егер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қазақ журналистикасының қарашаңырағы» десек, бұл студияның да сондағы телестудиядан еш кемшілігі жоқ деп ойлаймын. Әсіресе, мұндағы сапалы камералар, монтаж үстелі, жарық және басқа да техника таңдай қақтырады. Расымен де, қазір сәт санап жарықтың жылдамдығымен өзгеріп жатқан медиажурналистика көшінен қалуға болмайды, – деді Ы.Дүйсембайұлы.   

img 20220210 wa0030
img 20220210 wa0028
img 20220210 wa0021

Ал, аймаққа белгілі адвокат, құқық қорғау саласының ардагері Айсұлу Омарова технологиялық мүмкіндіктер студенттердің өміріне оң өзгерістер әкелетіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ, «Caspian News» телеарнасының директоры Қазбек Кертаев осы жерде шығармашылығын шыңдаған жастар кейін телеарнада жұмыс жасай алатынын айтты.

Журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашеваның сөзінше, телестудия соңғы үлгідегі керек-жарақпен қамтылған. Яғни, болашақта мықты журналист боламын деген жанға жол ашық. Сол сияқты, ректор аппараты жетекшісі Гүлфайруз Қайырғалиеваның айтуынша, енді оқу орны мен жергілікті БАҚ арасындағы байланыс нығая түспек. 

Сонымен бірге, медиаорталық жанынан «Медиа Клуб» ұйымы да ашылған. Аталған клубқа қабылданушы – Данир Мұхтарғалиев (журналистика), Диляра Назымбекова (бейнелеу өнері және сызу), Злиха Демеуова (физика-информатика), Серлан Нұрболатов және Ерлан Баймұхановқа (қазақ тілі мен әдебиеті) арнайы билет табысталды. 

Соңында медиаорталық қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, алғашқы жаңалықтар легі берілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген – Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220210 wa0044
img 20220210 wa0024
img 20220210 wa0029
img 20220210 wa0022
img 20220210 wa0032
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз