Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Батыс аймақтық «Ассамблея жастары» көшбасшылар мектебі ашылды

Атырауда Батыс аймақтық «Ассамблея жастары» көшбасшылар мектебінің ашылу салтанаты өтті. Іс- шараға Астана қаласы, сонымен қатар Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан келген 45 белсенді жас қатысуда,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-«Көшбасшылар мектебі» жобасының екінші кезеңін Атырау облысында бастап отырмыз. Өткен жылы жоба республика деңгейінде жүзеге асқан болса, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай барлық өңірде өтеді. Халықаралық жастар күнімен тұспа-тұс келуі – ерекше символдық мәнге ие. Бұл алаң – Ассамблеяның кадрлық резервін дайындап, жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған маңызды қадам,- деді ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Бағдарлама аясында қатысушылар үшін тренингтер, шеберлік сағаттары, командалық жұмыстар, патриоттық кездесулер мен пікір алмасу сессиялары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ мотивациялық дәрістер, мәдени-танымдық шаралар және тимбилдинг ойындары өткізіліп, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру көзделген. Келесі күні лагерь қатысушылары Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылына барып, лотос гүлін тамашалайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл сапар жас көшбасшылардың туған өлкенің табиғи байлығын танып-білуіне және экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етпек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button