Атырау облысы әкімдігінде бірнеше басқарманың атауы өзгереді

349152384 792740292591329 7634958209396564070 n Жаңалықтар

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиевтің төрағалығымен, облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Алдымен Атырау облысындағы басқару схемасын бекіту мәселесі қаралды. Бұл туралы баяндама жасаған облыс әкімі аппаратының басшысы Болат Исақов жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында 22 басқарманы 19-ға дейін азайту жоспарланғанын айтты.

– Атап айтсақ: облыстық Құрылыс басқармасы мен Сәулет және қала құрылысы басқармасы біріктіліп, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы құрылады. Ауыл шаруашылығы мен Жер қатынастары басқармалары біріктіріліп, Атырау облысы ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасы құрылады. Балық шаруашылығы басқармасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қосылады. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік және туризм, Индустриялық-инновациялық даму, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармалары Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Атырау облысы спорт және туризм басқармасы, Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасы, Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы болып өзгереді. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Қаржы басқармасы Атырау облысы экономика және қаржы басқармасы және Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы болып өзгереді. Қолдауларыңызды сұраймын,-деді Б.Исақов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз