Атырауда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің карантин жағдайындағы күшейтілген Қаулысы күшіне енді

0 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жылКарантиндік іс-шараларды күшейту туралы.

Атырау облысында коронавирустық инфекцияға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты (әрі қарай – COVID-19) ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Атырау қаласының әкіміне: 1) Атырау облысындағы төтенше жағдай кезінде қабылданған іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыс тобымен келісілген (әрі қарай – Жұмыс тобы) ұйымдардан басқа барлық ұйымдардың іс-әрекетіне (меншік түріне қарамастан) тыйым салынсын; 2) Жұмыс тобымен келісілген ұйымдардың қызметкерлеріне қала ішінде қызметтік автокөлікпен жүріп-тұруы мүмкін болмаған жағдайда таңғы сағат 06:00-дан 09:00-ге дейін, кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жеке автокөлігімен жүріп-тұруына рұқсат етілсін (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тек қана жұмысқа және жұмыстан);
    1. Қала және аудан әкімдерінің қамтамасыз етуіне:
      1) тұрғындардың өмірлік қажеттілігін қамтитын ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ, медициналық көрсетілімдері бар тұлғаларды, стационарлық жағдайда емделетін тұлғаларды, карантиндік және провизорлық стационарларда емделушілерді қоспағанда, карантин кезінде өзге тұлғаларға аудандар мен елді мекендердің аумақтарына кіруге және шығуға тыйым салынады;
      2) карантиндік аймаққа кіру/шығу тармақтарын жедел медициналық жәрдем, апаттық-құтқару қызметтерінің үздіксіз және толық байланыста болуын есепке ала отырып анықтау;
      3) карантиндік аймақта жүріп-тұруды блок-бекеттер қою арқылы қала және аудандар арасын, елді мекендерді мөлтекаудан және секторларға бөліп шектеу;
      4) екінші деңгейлі банктер бөлімшелерін, «Қазпошта» АҚ, айырбастау пункттерінің қызметін тоқтату, жұмыс қалпын онлайн режимге көшіру және «клиентке дейін жеткізу» принципі бойынша жұмыс істеу;
      Санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып (персоналдардың және келушілердің бетперде тағуы, қолды өңдеу үшін санитайзерлер орнату, жоғарғы бетті күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалық жүргізу, желдету) зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек және төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелерді, үй-жайларды қоспағанда, екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ-ның филиал бөлімшелерінің үй-жайларын, бөлімшелерін жабуды қамтамасыз ету;
      Екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ филиалдары, сондай-ақ, қызметі тек банкнот, монета және құндылықтар инкассациясына байланысты заңды тұлғалар, экономика субъектілерін және тұрғындарды жұмыс сағатында үздіксіз қолма-қол ақшамен, оның ішінде банкоматтарды уақытында қолма-қол ақшамен толырып отыруды және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге;
      Екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ мынадай қызметпен айналысатын ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етсін: банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтердің, мобильдік банкингтердің және клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйесінің, инкассаторлық қызметтің, сall-қызметтердің, төлем карталарын жеткізу қызметін, банктің үй-жайларын ұстау қызметін және банк қызметкерлерін жалға алынған автокөлікпен жеткізуді;
      5) бөлшектеп сатумен айналысатын дүкендерді азық-түлік тауарларымен көтерме күйде қамтамасыз ететін сауда объектілерін қоспағанда жәрмеңке, азық-түлік сататын базарлардың және адамдар жаппай шоғырланатын тағы басқа объектілердің жұмысын тоқтату;
      6) мал базарлары мен мал сою цехтарының жұмысына «клиентке дейін жеткізу» принципі бойынша сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат беру;
      7) тұрғындардың ауылдық елді мекендердің ішінде жүріп-тұруына тыйым салуды енгізу;
      8) діни бағыттағы объектілердің жұмысын тоқтату;
      9) аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көлікпен жүруді шектеу;
      10) карантин кезінде тұрғындарға өмірлік маңызы бар объектілердің тізімі мен жұмыс режимін қайта қарау;
    2. Денсаулық сақтау басқармасына:
      2.1. «Карантиндік іс-шараларды күшейту туралы №33-ПГВР 14.04.2020 жылғы қаулыға енгізілген 1 қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс режимін және аймақтандыруды сақтауды қамтамасыз ету.
    3. Осы қаулыны барлық қызығушылық тудырған ведомстволардың, тұрғындардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы жеткізіп, ақпараттандыру.
  2. Осы Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
    6. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Атырау облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Т.Мұсағалиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз