Сайлау – 2019: атыраулықтар белсенді түрде таңдау жасауда

IMG 20190609 WA0057 Жаңалықтар

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл.  82 жастағы Зерiп әже Сейтенова ел өміріндегі елеулі саяси оқиға – Президент сайлауына лайықты тұлғаны таңдау үшін Атырау қаласындағы Лесхоз мөлтекауданындағы балабақша ғимаратында орналасқан 243 сайлау учаскесiне қызы Жұмазиямен, iргелес көршілерімен бірге келдi.

«Тәуелсiз елдегi тыныштық пен тұрақтылық үшін дауысымды бердім. Еліміз өсiп, өркендей берсiн. Бейбiт заман болсын» дейдi бұған дейін де талай сайлауларға қатысып, дауыс берген кейуана.

Авангард ықшамауданындағы Қаныш Сәтпаев атындағы 19 орта мектепте тұрғындардың дауыс беруге деген құлшынысы жоғары екендігі байқалады. Сайлаушылар тiзiмiне енген 2939 сайлаушының төрттен бiрi дауыс берiп үлгердi. Сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға өз таңдауын жасап, азаматтық борышын өтеуге барлық жағдай жасалған.

IMG 20190609 WA0054

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз