1 5

Барлығы 1402: Атырауда Covid-19 инфекциясына шалдыққан 71-шi адам анықталды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. «Науқас 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты» деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.


Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған ер адам инфекциондық стационарға жатқызылды.

Қазіргі таңда қауіпті дертке шалдыққан емделушімен тығыз қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланды. Вирус ошағы зарарсыздандырылды.


Науқасқа бекітілген бірегей хаттама бойынша ем-шара тағайындалды.


Еске сала кетелік, қазіргі таңда Covid-19 қауіпті вирусына шалдыққан атыраулықтар саны 71 адамға жетіп отыр. Коронавирустан Атырауда 15 жазылып шықты.

Атырау уақытымен 17 сәуірдегі түнгі 00. 00 сағаттағы жағдай бойынша, Қазақстанда қазіргі уақытта 1402 адам коронавирустан ем алып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған