Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда балабақшаларда берілетін бір реттік ыстық тамақ қымбаттайды

Бұл туралы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңындағы кездесуде мәлім етті.

«Азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты балабақшаларда берілетін бір реттік ыстық тамақтың бағасын көтеру туралы қаулы қабылданды. Енді 3 жасқа дейінгі балалар үшін бұл сома 402 теңгеден 627 теңгеге дейін, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін 473 теңгеден 783 теңгеге дейін өседі. Мектептердегі балаларды бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету тарифі жаңа оқу жылының басында қайта қаралады», -дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаевтың мәліметінше, Атырау облысы – 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылғаны төрт өңірдің бірі. Алайда, күніне бір балаға бекітілген соманың мөлшері ең төмен мқлшерде қалып отыр. Қосымша құн салығынсыз есептегенде бір балаға күніне 267 теңге көлемінде белгіленген. Салыстыру үшін айттын болсақ, биылғы мамыр айының соңында Ақмола облысында бұл көрсеткіш 750 теңге, Жамбыл облысында – 450, көршілес Ақтөбе облысында 507 теңгені құрап отры.

«Облыс кәсіпкерлері трапынан бұл тарифтің нарықтық бағаға сәйкестігі туралы мәселені бірнеше рет көтерілді. Өйткені, баға балалардың тамақтану сапасына тікелей әсер етеді. Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар, депутаттар алдында бірнеше рет қозғағн болатын. Енді бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде оң өзгеріске қол жеткізілді», -деп түйіндеді Нұрлан Сүйінбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулық 80-ге жуық бала Ресейдегі пансионатқа демалуға аттанғанын жазған болатынбыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button