K  kto  ay 1

Көктоғайдың көп түйіні шешілмек

Аудан хабарлары Жаңалықтар Медицина Қоғам

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданына іссапар барысында бірқатар нысандарды аралап, Көктоғай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. 1 дәрігер, 14 орта буын қызметкері бар медициналық мекеменің  бүгінде  7000-ға жуық адамды қабылдауға мүмкіндігі жетеді.

Облыс әкімі егер қажет болса ауылға білікті мамандар шақырып, оның барлық жағдаймен қамтамасыз етуді  тапсырды. «Медицина қызметкерлері міндетті түрде баспанамен қамтылуы керек. Жергілікті билік медицина мамандары үшін барлық игілікті  жасауға дайын», – деді Нұрлан Ноғаев.

K  kto  ay 1

Сондай-ақ, аймақ басшысы  Көктоғай ауылындағы апатты жағдайдағы интернат, ескі дәрігерлік амбулатория ғимаратымен танысты. Алдағы жылдары ескі ғимараттарды бұзып, орнына жаңа нысандар салу жоспарға енді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған