Қылмыстық процестің үш буынды моделін  енгізу

d48266cd410df4354bb1ddd3365 Жаңалықтар

Мемлекет  басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  Қазақстан халқына  жолдауында  прокурорға  қылмыстық істер  бойынша  негізгі  іс жүргізу  шешімдерін келісу және  бекіту жөніндегі міндеттерді  заңнамалық  тұрғыдан  жүктеу  қажеттігін  атап өтті.

Мемлекет басшысының  тапсырмасын  іске асыру  мақсатында  2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап  Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу  кодексіне  полиция, прокуратура  және сот арасындағы  өкілеттердің  арасын  ажыратудың  өтпелі кезеңі болып  табылатын  өзгерістер  енгізілді.

Тергеу  органы, прокурор  және  сот арасында  өкілеттерді нақты бөлу қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін  арттырады.

Бұл  өзгерістер  азаматтардың  конституциялық  құқықтарын  сақтаудың  кепілі болуға, тергеу сапасын  арттыруға, адамдарды  қылмыстық  процесс  шеңберіне негізсіз тартуды болдырмауға  арналған. Жаңа формат  прокурорларды  заңсыз  шешімдерді  жою бойынша уақтылы шаралар  қабылдауға бағыттады.

Қылмыстық  іс  бойынша тергеу  органдары  қабылдаған  процестік  шешімдерді  прокурор  белгіленген  мерзімде  зерделейді.  Бұзушылықтар  анықталған  жағдайда  шешімдердің  күшін жою жөнінде мүлтіксіз  шаралар  қабылдайды.

2021 жылдың  басынан бастап Атырау көлік прокуратурасы  ҚР БП ҚСж АЕК  Аймақтық көліктік басқармасының Атырау көліктік аймағы бойынша өкілдігімен бірлесіп, үш буынды  модельдің  сәтті жұмыс істеуі үшін  Атырау  станциясында ЖПБ-мен бірлесіп тақырыптық сабақтар  ұйымдастырылды  және жұмыс кездесулері өткізілді, нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу органдары  жаңа  форматтағы  қылмыстық істерді тергеу бойынша табысты жұмысты бастады.

Үш  буынды  модельді  енгізу  сотқа дейінгі  тергеп –тексеру  органдары  қызметінің тиімділігін жақсартып, өз кезегінде  қадағалаушы  прокурорларды  сотқа дейінгі тергеп – тексеруді және қабылданған  заңсыз процестік  шешімдерге  жеделден  қоюды  үздіксіз  және  дұрыс  қадағалауды  жүзеге  асыруға бағыттағаны  атап  өтілді.

Үш  буынды жүйені  пайдалануды  қылмыстық  процесте  заңдылықты  қамтамасыз етуге оң әсер етті және нәтижесінде өткен кезеңде  азаматтардың  конституциялық  құқықтарын бірде-бір бұзылуына жол берілмеді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз