Атырауда бала Абай дүниеге келді

img 20200810 wa0017 Жаңалықтар

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Атырауда Абай күні дүниеге келген сәбиге хәкімнің құрметіне орай ата-анасы Абай деп ат қойды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Сәби Абай 10 тамыз күні, таңғы сағат 6.40-та дүниеге келді.
Анасы Ақмарал Бәделованың айтуынша, сәбидің салмағы – 3 келі, 565 грамм, бойы- 53 сантиметр.

«Отағасымен ақылдасып қазақтың Абайының даналығын, білімін берсін деп төртінші перзентіміздің есімін қазақтың ұлы ақыны – Абай деп қоюды жөн санадық. Оның үстіне дәрігерлер босанатын күнімді 15 тамыз деп белгілеген болатын. Бірақ, сәбиіміз Абай күні туылып, есімді өзі таңдап алғандай болды. Үйдің үлкендері де біздің таңдауымызды қолдап отыр. Абайдың екі ағасы мен апасы бар», дейді 37 жастағы анасы Ақмарал Бәделова.

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ана мен бала бірлескен бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Жұбанышевтың айтуынша, Абай күні орталықта 5 ұл, 5 қыз дүниеге келді.

«Мұндай ерекше адамдардың мерейтойына тұспа тұс сәбидің дүниеге келуі – ерекше жағдай деп ойлаймын» дейді Нұрлан Жұбанышев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз