Қазақтың бас ақыны Абай туралы телесериал түсіріледі

1565610662 news b Жаңалықтар

Atr.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай Astana Media Week апталығында мәлімдеді.


«Жақында ғана «Абай» сериалына конкурс жарияладық. Әлбетте, бұл өте зор жауапкершілік болғандықтан бұл сериалды түсіруден жасқаншақтап отырған жайымыз бар. Конкурсқа алты компания ғана өтініш білдірген. Оның тек біреуінде ғана тарихи сериал түсіру тәжірибесі бар екен. Бұл бәріміз үшін үлкен проблема. Бәріне яғни, тәжірибе керек», – деді телекорпорация басшысы «Қазақстандағы кино мен сериалды дамыту» панельдік сессиясында.
Оның айтуынша, сериал келесі жылдың соңына дейін эфирге шығуы тиіс.
«Сериалды кім түсіретіні әлі белгісіз. Бірақ, сценарийге тапсырыс бердік. Актерлер кастингі де үлкен жұмыс, тапсырыс берушіге яғни, телеарнаға бірнеше адамды ұсынады. Олардың арасынан сәйкес актер бекітіледі. «Абай» сериалында бірнеше бас кейіпкер болуы мүмкін, себебі Абайдың балалық, жастық және ересек шағын қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Л. Танысбай.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз